Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Каспий мұнайлы-газды аймағы"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (Бот: Санат:К дегеннен аластатты) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:55, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Сурет:Jack-up-rig-in-the-caspian-sea.JPG
Каспий теңізіндегі мұнай вышкасы
Каспий мұнайлы-газды аймағы– Атырау, Батыс Қазақстан, ішінара Ақтөбе облыстарының жерінде орналасқан мұнай, газ кен орындары шоғырланған аймақ.
- Ерте палеозойға дейінгі даму сатысында тектоникалық төмендеуіне байланысты қалың шөгінділердің жиылуына шалынған Шығыс Еуропа платформасының құрамдас оңтүстік-шығыс бөлігі.
- Геофизикалық деректер бойынша кембрийге дейінгі іргетастың тереңдігі 20 км-ден асады.
- Стратигр қимада жаппай дамыған кунгур ярусының тұзды қабаттары бүкіл қиманы екі бөлікке бөледі: жоғарғы бөлік (мезозой – кайнозойлық тұз үстіндегі терригендік шөгінділер) және төменгі бөлік (тұз астындағы палеозойлық карбонатты-терригендік шөгінділер).
- Аймақтың жоғары мұнайлы-газдық әлеуеті көптеген факторларға байланысты, олардың ең бастылары: шөгінді қабаттардың орасан зор қалыңдығы және ондағы жыныстардың түзілу тегінің теңіздік болуы; шөгінді шоғырлануының жоғарғы дәрежедегі көлемдік жылдамдығы (әрбір млн. жылда 15000 км3); тұз үсті және тұз асты шөгінділеріндегі органикалық заттың молдығы; стратигр. қимада мұнай мен газ түзуші жыныстардың жақсы дамығандығы, т.б. 2000 жылға дейін Каспий мұнайлы-газды аймағындағы 3 әкімшілік облыстың аумағында 120 мұнай, мұнай-газ, мұнай-газконденсат кендері ашылды.
<ref name="test">“Қазақ Энциклопедиясы”</ref>
Сілтемелер
<references/>