Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Гүлмира Әлкенқызы Өтепбергенова"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
(айырмашылығы жоқ)

00:18, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі түзету

Үлгі:Ғалым Гүлмира Әлкенқызы Өтепбергенова — дәрігер-инфекционист, медицина ғылымының докторы (2010).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1963 жылы 16 тамызда Қарағанды қаласында туған.

Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (1986, қазіргі Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті) бітірген.
1987-89 жылдары Ақтбе облыстық клиникалық ауруханасында жұқпалы аурулар бөлімшесінде дәрігер, 1994-96 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында, 1996-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, 2009-11 жылдары Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент оқу-клиникалық базасында декан, доцент қызметтерін атқарды. 2011 жылдан осы университетте бөлім бастығы.

Ғылыми бағыты, еңбектері

"Біріншілік терілік аффектісінің клиникалық-эпидемиологиялық көріністері, тиімді әдісін анықтау және емдеу" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
120 ғылыми мақаланың, 8 оқу-әдістемелік құралдың, 2 патенттің авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер