Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Гүлсара Түндебайқызы Оразбаева"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Жаңа бетте: {{Ғалым |Есімі = Гүлсара Түндебайқызы Оразбаева |Шынайы есімі = |Суреті = |Сурет ені = |Сурет тақырыбы )
ш (1 түзету)
(айырмашылығы жоқ)

00:18, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі түзету

Үлгі:Ғалым Гүлсара Түндебайқызы Оразбаева — педагогика ғылымының докторы (2010).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1969 жылы 25 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, қазіргі Марқакөл ауданы, Боран ауылында туған.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін (1991, қазіргі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті) және аспирантурасын (1996) бітірген.
1991-93 жылдары Өскемен қаласындағы №24 орта мектебінде мұғалім, 1996-2005 жылдары Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, аға оқытушы, директордың орынбасары, магистратура меңгерушісі, 2005-10 жылдары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында доцент, аға ғылыми қызметкер, 2010 жылы Қазақстан-Ресей мемлекеттік университетінде профессор, 2010 жылдан Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде профессор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2017 жылдан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жұмыс істейді.

Ғылыми бағыты, еңбектері

2009 жылы "Научные основы формирования профессионально-этической культуры госдарственных служащих" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
Негізгі ғылыми бағыты – мемлекеттік қызметтің этикалық негіздері, жоғары кәсіптік білім берудің теориясы мен әдістемесі, жоғары білім берудегі менеджмент.
48 ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монография, 2 оқу құралы, 3 әдістемелік нұсқаудың авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер