Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Альмира Жапарқызы Мұқажанова"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:18, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Ғалым Альмира Жапарқызы Мұқажанова — саяси ғылымының докторы (2012).
Өмірбаяны, еңбек жолы
1975 жылы 2 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Қайыңды ауылында туған.
Алматы мемлекеттік университетін (1998, қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және аспирантурасын (2001), докторантурасын (2005) бітірген.
2001 жылдан Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, 2003 жылдан "ҚазҰПУ хабаршысы, "Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы" журналының жауапты хатшысы қызметтерін атқарады.
Ғылыми бағыты, еңбектері
"Республика Казахстан: национальное и общечеловеческое в культуре межнационального общения (политический анализ)" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
Негізігі ғылыми бағыты — ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті, мемлекеттің отбасы саясаты, этносаясаттанудың жаңа бағыттары.
100-ге жуық ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монографияның авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>
Марапаттары
- Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің "Құрмет грамотасы" (2008);
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кәсіптік мамандар даярлауға сіңірген еңбегі үшін "Үздік ұстаз" төсбелгісі (2016);
- Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 90 жыл" мерекелік медалі (2018).<ref>Мұқажанова Альмира Жапарқызы.</ref>