Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Айжан Маратбекқызы Картаева"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Ғылыми бағыты, еңбектері)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:18, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Ғалым Айжан Маратбекқызы Картаева — филология ғылымының докторы (2010).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1975 жылы 23 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Шілікті ауылында туған.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін (1996, қазіргі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті) және магистратурасын (1998) бітірген. 1998 жылдан осы университетте оқытушы, университеттің қауымдастырылған профессоры.

Ғылыми бағыты, еңбектері

Негізгі ғылыми бағыттары – қазақ әдебиеті, абайтану, әуезовтану.
"Абай мен М. Әуезов әлеміндегі рухани сабақтастық" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
110 ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монография, 6 оқу құралының авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>

Марапаттары

  • "Ғылыми мәселелерді шешуге белсенді қатысатын, ғылымды дамытуға елеулі үлес қосқан талантты жастарға арналған Қазақстан Республикасының Ғылым мен білім министрлігінің мемлекеттік ғылыми шәкіртақысының иегері" (2006-2008 жж.);
  • "С. Аманжолов атындағы ШҚМУ 2011 жылдың үздік оқытушысы", Өскемен (2011);
  • ҚР Білім және ғылым министрлігі "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы", Астана (2012);
  • Қазақ тілі мен әдебиеті саласындағы іргелі зерттеулері үшін Еуропаның алтын медалі. DIPLOM DI MERITO Москва, 2013.
  • Университет жылнамасы беттеріне қосқан қомақты үлесі үшін "Университет мақтанышы" құрмет белгісі (2012);
  • Жоғары оқу орнының дамуына қосқан қомақты үлесі үшін "Университеттің құрметті докторы" төсбелгісі (2013).<ref>«Абайтану» ғылыми-зерттеу институты.</ref>
  • Мемлекеттік "Ерен еңбегі үшін медалі" (2020);
  • "ҚР Білім беру ісінің үздігі" төсбелгісі (2025).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер