Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Владимир Васильевич Шкарпетин"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (top: clean up, replaced: AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:16, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Владимир Васильевич Шкарпетин (1923 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы) – техника ғылымдарының докторы (1988), профессор (1996). Қазақстанның еңбек сіңірген өндіріс қызметкері.

Қазақ тау-кен және металлургия институтын (1949, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Ертіс полиметалл комбинатында ауысым бастығы (19491950), Жоғарғы Березовск кентіндегі кеніште телім бастығы, бас инжинердің орынбасары, бас инжинер (19501956), Өскемен қаласындағы Бүкілодақтық түсті металлургия ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, лаборатория бастығы, жетекшісі, бас ғылыми қызметкер (19561996) болған. 1996 жылдан Шығыс Қазақстан техникалық университетінде профессор қызметін атқарды.

100-ге жуық ғылыми жарияланымның авторы.

Қазан революциясы орденімен марапатталған.<ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер:

<references/>