Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ханиса Қанышқызы Сәтпаева"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Асимова Гульнафис (т) өңдемелерінен 1nter pares соңғы нұсқасына қайтарды)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:14, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Тексерілмеген мақала Үлгі:Ғалым

Ханиса Қанышқызы Сәтпаева (15 желтоқсан 1921, Қарсақпай, Жезқазған облысы, Ұлытау ауданы, Қазақ АКСР11 маусым 2016, Алматы, Қазақстан) — кеңестік және қазақстандық ғалым, медицина ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық медицина университетінің құрметті профессоры. Қаныш Сәтбаевтың үлкен баласы.

Өмірбаяны

Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан<ref>Үлгі:Кітап</ref>.

  • 1921 жылы 15 желтоқсанда Қарсақпай жұмыс ауылы, Жезқазған облысында дүниеге келген.
  • 1943 жылы – Қазақ мемлекеттік медициналық институтты үздік бітіріп, еңбек жолын сол институтта жалғастырды.
  • 1945 жылы ақын Қайнекей Жармағамбетовпен тұрмыс құрған.
  • 1974 жылдан 1991 жылдар аралығында – АММИ-дің қалыпты физиололгия кафедрасының меңгерушісі.
  • 12 жыл бойы Емдеу ісі факультетінің деканы.
  • 1995 жылы алғаш Қазақстанда медицина және педагогика ЖОО-на арналған «Адам физиологиясы» («Физиология человека»)[1] атты оқулық жарыққа шықты. (қайта басылып шығарылды).

Оның жетекшілігімен 3 докторлық және 8 кандидаттық диссертациялар қорғалды. Оның басшылығымен Қазақстан Республикасының барлық ЖОО-да валеология курсын енгізу бойынша үлкен істер атқарылды.

  • 1999, 2007, 2009 жылдары жарық көрген валеологиядан қазақ және орыс тіліндегі бірінші типтік бағдарлама мен оқу-әдістемелік құралдың авторы. Орта мектептерге арналған валеология нұсқаулығының авторы.
  • 2016 жылы 11 маусымда өмірден озды.<ref>

Ханиса Канышевна Сатпаева, некролог. inform.kz. Дата обращения 23 января 2017.</ref>

Отбасы

Марапаттары

  • Еңбек Қызыл Ту ордені
  • Парасат ордені — ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай және еліміздің дамуына орасан зор үлес қосқаны үшін
  • «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі» үшін медалі
  • И.П. Павлов атындағы медаль
  • «Адам физиологиясы» оқулығы үшін А.Байтұрсынов атындағы медаль
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001)
  • «Құрмет белгісі» медал
  • «Қазақстан Республикасының ғылым еңбек сіңірген қайраткері»медалі (1981)
  • «ССРО жоғары мектебінің үздігі» белгісі
  • «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісі
  • ҚазКСР Жоғарғы Кеңес Президиумының құрмет грамотасы, ҚазКСР және ҚР денсаулық сақтау министрлігінің Бүкілодақтық физиология қоғамының құрмет грамотасы.

Дереккөздері