Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Айнаш Пахуашқызы Науанова"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:13, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Ғалым Айнаш Пахуашқызы Науанова — биология ғылымының докторы (2005), профессор (2009).
Мазмұны
Өмірбаяны, еңбек жолы
1967 жылы 21 шілдеде Қарағанды қаласында туған.
Қарағанды мемлекеттік университетін (1990, қазіргі Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті), Қазақ агротехникалық университетінің аспирантурасын (1999) бітірген. 1990-96 жылдары Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде аға оқытушы, оқу бөлімі бастығының орынбасары, аға ғылыми қызметкер, доцент (2000-06) қызметтерін атқарған. 2007 жылдан кафедра меңгерушісі, топырақтану және агрохимия кафедрасының профессоры (2016), агрономия факультетінің деканы (2020-2021).
Ғылыми бағыты, еңбектері
Негізгі ғылыми бағыты – микробиология, биотехнология және өсімдікті қорғау салалары.
"Астық дақылдарының тамыр шірігі және тұқымының альтернариоз қоздырғыштары – микроскоптық саңырауқұлақтардың биологиясы мен агроэкологиясы және олармен күресудің тәсілдерін жақстарту" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
150-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монография, 2 оқу құралы, 2 әдістемелік нұсқау, 9 өнертабыстың авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>
Марапаттары
- "Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" (2007, 2014, 2015);
- "Жылдың ең нәтижелі ғалымы" (2014);
- "Білім беру саласының үздігі" медалі (2017);
- Қазақстан Республикасының "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі" (2019);
- "Үздік ғылыми қызметкер" (2021).<ref>ҚАТЗУ. Айнаш Пахуашқызы Науанова.</ref>