Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сүйіндік Тасеменұлы Алдашев"
(removed AMP tracking from URLs (details) (report error) v2.2.7r tf_sq) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:13, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Сүйіндік Тасеменұлы Алдашев (25 маусым 1963, Түрікменбашы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, 2020 жылдан бастап Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты.
Депутаттығына дейін Алдашев 2012—2017 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары және 2017—2020 жылдары "Қаражанбасмұнай" АҚ Бірінші Вице-президенті лауазымдарын атқарған.
Өмірбаяны
1963 жылы 25 маусымда Түрікмен КСР, Түрікменбашы қаласында дүниеге келді.
1986 жылы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін “тау-кен инженері” және 2008 жылы Орталық Азия университетін “экономист” мамандықтары бойынша тәмамдады.
Алғашқы қызметін 1979—1994 жылдары Жаңаөзен бұрғылау жұмыстары басқармасында токарьі, бұрғылаушының көмекшісі, бұрғылау шеберінің көмекшісі, өндірістік қызмет көрсету базасының инженері, бұрғылау шебері, технологиялық бөлім бастығының орынбасары сияқты түрлі лауазымдардан бастады.
1994 жылдан бастап ҚазТрансОйл компаниясының қарамағындағы басқармаларда қызмет етті:
1994—1996 жылдары Магистральдық мұнай құбырлары оңтүстік дирекциясы «Өзен» ЖСӨС бастығы;
1996—1998 жылдары Батыс филиалының Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы бастығының техникалық қызмет көрсету жөніндегі орынбасары;
1998—1999 жылдары Батыс филиалының «Ақтау» ЖСҚБ бастығы;
1999—2000 жылдары Батыс филиалы мұнайқұбырларын пайдалану бөлімінің бастығы;
2000—2004 жылдары Ақтөбе филиалының директоры, директордың бірінші орынбасары, бас инженері;
2004—2010 жылдары батыс филиалының Маңғыстау мұнайқұбырлары басқармасының магистралды құбырларды пайдалану қызметінің бастығы;
2010—2012 жылдары батыс филиалы мұнайқұбырлары Маңғыстау басқармасының бас инженері болды.
2012 жылғы қазанда Маңғыстау облысының сол кездегі әкімі Бауыржан Мұхаметжановтың Президенті Әкімшілігімен ақылдаса отырып шығарған бұйрығымен Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2017 жылғы қарашада “Қаражанбасмұнай” акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің шешімімен компания президенті болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2020 жылғы 12 тамызда өткен сайлау нәтижесінде Маңғыстау облысынан 87% дауыс жинап Парламент Сенатына VIII сайланымға депутат болып сайланды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
2023 жылғы қаңтарда Парламент Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы болып сайланды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Марапаттары мен атақтары
- “Қазақстан Республикасының Магистралды құбыр өңірінің құрметті қызметкері” құрметті атағы (2010);
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі (2016);
- Астанаға 20 жыл медалі (2018);
- Құрмет ордені (2019);
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл медалі (2021).