Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Самат Сатыбалдыұлы Әбіш"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:13, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Самат Сатыбалдыұлы Әбіш (20 тамыз 1978, Іле ауданы, Алматы облысы) — қазақстандық мемлекеттік және әскери қайраткер, мемлекеттік қауіпсіздік органдарының қызметкері. Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі.
Өмірбаяны
Самат Сатыбалдыұлы Әбіш 1978 жылы 20 тамызда Қазақ КСР-і Алматы облысындағы Энергетический ауылында Қазақстанның тұңғыш президентінің кенже інісі Сатыбалды Әбішұлы Назарбаевтың отбасында дүниеге келген. Ұлы жүздің шапырашты руынан шыққан. Ол өз тегін атасы Әбіш Назарбаевтың құрметіне алды. Ағасы — Қайрат Сатыбалдыұлы.
2000 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясын, ал 2002 жылы Ресей Федерациясының Сыртқы барлау қызметінің академиясын бітірген.
Отбасы
- Әкесі — Назарбаев Сатыбалды Әбішұлы.
- Анасы — Назарбаева Светлана Мырзахметқызы, «Дәуір» баспасының жетекшісі.
- Ағасы — Қайрат Сатыбалдыұлы
- Әйелі — Аида Алматбекқызы Назарбаева
- Балалары — Әбіш Әмина Саматқызы, Әбіш Жәмилә Саматқызы<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Мемлекеттік қызметі
ҚР ҰҚК академиясын (2000); РФ СБҚ академиясын (2002) бітірген.
Қазақ, орыс және неміс тілдерін біледі.
2000 жылдан - ҚР ҰҚК органдарында қызмет атқарған. 2006 жылдың маусым айынан - ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-үдерістік және қылмыстық-атқару заңнамасы басқармасының қылмыстық-атқару заңнамасы бөлімінің бастығы. 2006 жылдың қыркүйек айынан - ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының орынбасары, 2007 жылдан - төрағасы. 2008 жылдың қазан айынан - ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысы. 2010 жылдан бері - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Орталық аппараты Мамандар департаментінің бастығы.
«Ерен еңбегі үшін» (2007), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.
Хоббиі
Хоббиі - оқу, футбол.