Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Динар Жүсіпәліқызы Нөкетаева"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
File:Emblem_of_Kazakhstan_3d.svg» деген «File:Emblem_of_Kazakhstan_(3D).svg» дегенмен алмастырылды.)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:13, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Динар Жүсіпәліқызы Нөкетаева (4 қараша 1964, Талдықорған облысы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, педагог, заңгер және педагогика ғылымдарының кандидаты. 2017—2023 жылдары Сенатор.

Білімі

С.М. Киров атындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия]факультетін (1985) химия пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша; Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков атындағы заң институтын бітірген, юриспруденция бакалавры.

Қызмет жолы

  • 1986 жылдан - Алматы облысының Түймебаев атындағы кеңшар бала бақшасында тәрбиеші.
  • 1988 жылдан - Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылындағы орта мектепте химия пәнінің мұғалімі.
  • 1990 жылдан - Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында химия пәнінің мұғалімі.
  • 1991 жылдан - Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылындағы орта мектепте ұзартылған күн тобында тәрбиеші.
  • 1992 жылдан - аудандық атқару комитеті жанындағы Жамбыл аудандық жастар ісі жөніндегі комитеттің инспекторы, Алматы облысы Жамбыл аудандық Халық депутаттары кеңесінің аға референті.
  • 1994 жылдан -Жамбыл аудандық әкімшілігінің референті.
  • 1994 жылдан - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының аға маманы.
  • 1999 жылдан - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының хатшысы.
  • 2004 жылдың қазан айынан - ҚР Парламенті Мәжілісі 3-ші шақырылымының депутаты, №1 бір мандатты сайлау округы бойынша ұсынылған.
  • 2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты,
  • 2009 жылдың қаңтар айынан бері Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы. «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының, «Аймақ» депутаттық тобының мүшесі.
  • 2011 жылдан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры
  • 2017 жылдан тамыз айынан Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты болып, Алматы қаласынан сайланған. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі

Марапаттары

  • «Құрмет» (2007) орденімен;
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001)
  • «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған.
  • Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.) мерекелік медалдармен марапатталды

Отбасы

Ұлдары - Түймебаев Дінмүхамед Бақытжанұлы (1986 жылы туған), Түймебаев Нұржан Бақытжанұлы (1989 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының VI шақырылым депутаттары