Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:13, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев (31 қазан 1970, Алматы) — қазақстандық саяси қайраткер, экономист, 2025 жылдан бастап Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы. 2023—2025 жылдары ол Энергетика министрі, 2021–2023 жылдары Самұрық-Қазына басқарма төрағасы болды.<ref name="kapital">Үлгі:Cite web</ref>

Өмірбаяны

Алмасадам Сәтқалиев 1970 жылғы 31 қазанда Алматыда, Майдан мен Валентина Сәтқалиевтердің отбасында дүниеге келген. Жалайыр тайпасының андас руынан шыққан. 1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі «механик, математик — қолданбалы ғылым маманы»<ref name="kapital" /> мамандығына оқуын бітірді.

Өз мансабын ол 1992 жылғы тамызда «ТаССат» ЖШС директоры ретінде бастады. Бұл қызметте 1997 жылғы қыркүйекке дейін болды. Одан кейін, 1998 жылғы тамызға дейін ол «ҚазТрансОйл» компаниясында менеджер, клиринг бөлімінің бастығы, жобаларды басқару бөлімінің бастығы болды. Бұл қызметін аяқтап, ол 2001 жылғы қаңтарға дейін сол компанияның вице-президенті, басқарушы директоры болып тағайындалды.<ref name="zakonkz" />

2001–2006 жылдары аралығында ол «KEGOC» АҚ бірінші вице-президенті лауазымында болды, одан кейін, 2007 жылға дейін «Самұрық» АҚ электр энергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры болды.<ref name="govenergo">Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref>

2007 жылғы 24 қаңтардан 2 қыркүйекке дейін ол Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі болды. Оған қоса ол сол жылғы наурыздан қыркүйегіне дейін «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды. Келесі жылғы қазаннан 2009 жылғы желтоқсанға дейін ол «KEGOC» бірінші вице-президенті қызметін атқарды.<ref name="zakonkz" />

2009–2011 жылдары ол KEGOC президенті болды, одан кейін, 2012 жылғы қаңтарға дейін Самұрық-Қазына атқарушы директоры қызметінде болған. 2012 жылдан 2018 жылға дейін Сәтқалиев Самұрық-Энерго директоры болды. 2018 жылы KAZENERGY басқарған қысқа мерзімнен кейін ол Самұрық-Қазынаға қайта ауысты, активтерді басқару жөніндегі Басқарушы директор қызметіне тағайындалды.<ref name="govenergo" /> Бұл қызметін әлі де жалғастыруда.<ref name="zakonkz" />

2021 жылғы 29 наурызда Сәтқалиев Самұрық-Қазына төрағасы болды. Бұл қызметте басқа лауазымға ауысуы себебінен 2023 жылғы сәуірге дейін ғана болды.<ref name="govenergo" />

2023 жылғы 4 сәуірде Алмасадам Сәтқалиев Президент Тоқаев жарлығымен Энергетика министрі лауазымына тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2025 жылғы 18 наурызда Президент Жарлығымен Энергетика министрі лауазымынан босатылып, жаңадан құрылған Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Алмасадам Сәтқалиев — WEC (Дүниежүзілік энергетикалық кеңес) Қазақстандық комитетінің төрағасы, ҚазМұнайГаз бен Қазатомөнеркәсіп Директорлар Кеңестерінің мүшесі, КОРЭМ АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы, 2007 жылдан бері ҚазҚуат АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі, 2008 жылдан Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығы директорлар кеңесінің төрағасы,<ref name="zakonkz" /> белгісіз жылдан бері «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының мүшесі.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref>

Жеке өмірі

Алмасадам Сәтқалиев Марфуга Оразәліқызы Сәтқалиеваға үйленген. Олардың 4 ұлы және 1 қызы бар: Әсет (1994 туған), Асхат (2002 туған), Анадэль (2005 туған), Асат (2007 туған) және Аслан (2013 туған) Майдановтар.<ref> name="zakonkz">Үлгі:Cite web=https://online.zakon.kz/Document/?doc id=30114557</ref>. Сәтқалиевті Азаттық радиосы секілді БАҚ Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құдасы деп атайды.<ref>{{Cite web|title=Саткалиев и Назарбаев. Что пытается скрыть министр энергетики|url=https://ulysmedia.kz/pozitsiya/23227-satkaliev-i-nazarbaev-chto-pytaetsia-skryt-ministr-energetiki/%7Caccessdate=20Үлгі:Deadlink қазан 2024|work=ulysmedia.kz|lang=ru}</ref>Дерек бойынша Сәтқалиевтің қызы Анадэль Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші некесінен туылған Тауманмен<ref>Үлгі:Cite web </ref>неке қиған<ref>{{Cite web |title=«Помолвка сына Назарбаева и дочери министра энергетики»: в ведомстве прокомментировали информацию|url=https://newtimes.kz/obshchestvo/167636-pomolvka-syna-nazarbaeva-i-docheri-ministra-energetiki-v-vedomstve-prokommentirovali-informaciyu/amp|accessdate=20 қазан 2024|work=newtimes.kz|lang=ru}}<nowiki></ref>. Бірақ Сәтқалиев те [[Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев|Назарбаев]] та бұл ақпаратты растамады. Алмасадам Майданұлы [[Қазақ тілі|қазақ]], [[Орыс тілі|орыс]] және [[Ағылшын тілі|ағылшын]] тілдерін меңгерген.<ref name="zakonkz" /> == Марапаттары және атақтары == Алмасадам Сәтқалиев — экономика ғылымдарының кандидаты және докторы, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі және [[Ресей жаратылыстану ғылымдарының академиясы|Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясы]]ның шетелдік мүшесі.<ref name="kapital" /> Алмасадам Сәтқалиевтың марапаттары және өзге де атақтары:<ref name="zakonkz" /> * [[Құрмет ордені]] (2008); * [[Парасат ордені]]; * [[Барыс ордені]] (2021); * [[Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі]] (2005); * [[Астанаға 10 жыл медалі]] (2008); * [[Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі]]; * [[Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл медалі]]; * [[KAZENERGY]] ассоциациясына 10 жыл медалі; * [[Қазақстан президенті]] [[Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев|Нұрсұлтан Назарбаев]] атынан алғыс хат; * [[Қазақстан премьер-министрі]] [[Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов|Кәрім Мәсімов]] атынан алғыс хат; * «[[Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы|ТМД]] еңбек сіңірген электригі»; * «Еңбек сіңірген электрик» (Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы). == Дереккөздер == {{Дереккөздер}} {{Олжас Бектеновтің министрлер кабинеті}} [[Санат:Самұрық-Қазына тұлғалары]] [[Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері]] [[Санат:Назарбаев университеті түлектері]] [[Санат:Фукуа бизнес мектебі түлектері]] [[Санат:Стэнфорд университеті түлектері]] [[Санат:Қазақстан энергетика министрлері]] [[Санат:Экономика ғылымдарының докторлары]] [[Санат:Экономика ғылымдарының кандидаттары]]