Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш ()
ш (1 түзету)
(айырмашылығы жоқ)

00:13, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі түзету

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов (18 мамыр 1957, Алматы облысы) — қазақстандық ірі мемлекеттік қайраткер, 2011 және 2019 жылдары аралығында Ішкі істер министрі, одан кейін — Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы. Полиция генерал-полковнигі, заңгер.

Өмірбаяны

Шапырашты руынан шыққан.<ref>Новая Газета Казахстан - КЛАН — КЛАНЫ ВЫБИВАЕТ</ref><ref>Новая Газета Казахстан - Пройти по черте</ref> Үйленген, үш баласы бар, екі немере тәрбиелейді.

Білімі

1979 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген, мамандығы «заңгер». Полиция генерал-лейтенанты

Қызмет жолы

  • 1979-1988 – тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, Алматы облысы ІІБ Іле аудандының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары.
  • 1988-1989 – Алматы облысы ІІБ-нің қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары.

1989-1992 – Алматы облысы ІІБ Қапшағай ІІБ-нің бастығы.

  • 1992-1997 – Алматы облысы ІІБ Криминалдық милиция басқармасының бастығы, Алматы облысы ІІБ бастығының бірінші орынбасары.
  • 07.1997-12.2003 – Алматы қаласының ішкі істер бас басқармасының бастығы.
  • 12.2003-06.2005- Алматы облысы ішкі істер бас басқармасының, Ішкі істер департаментінің бастығы.
  • 06.2005-09.2009 – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші вице-министрі, вице-министрі.
  • 2009 жылдан бастап – Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы <ref>Назначен новый начальник ДВД ВКО</ref>.
  • 11.04.2011-12.02.2019 – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі<ref>

«Қ. Н. Қасымовты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметіне тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 26 Жарлығы</ref><ref>Қалмұханбет Қасымов ІІМ басшысы қызметінен кетті 12.02.2019</ref>.

Марапаттары

  • 2-ші дәрежелі «Данқ» ордені,
  • «Астана» медалі
  • "Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін",
  • "Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін",
  • "Қазақстан Конституциясына 10 жыл",
  • "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері",
  • "Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл" мерейтой медалі,
  • «ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері»
  • «Астананың 20 жылдығы» мерейтойлық медалі

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Бақытжан Сағынтаевтың министрлер кабинеті Үлгі:Кәрім Мәсімовтің II министрлер кабинеті