Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Зәуірбектөбе"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш ()
ш ()
(айырмашылығы жоқ)

15:12, 2026 ж. қаңтардың 7 кезіндегі түзету

Зәуірбектөбе – ортағасырлық қоныс орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Байзақ ауданы Абай ауылының шетінде, Кеңес су қоймасының оң жағалауында орналасқан.

Сипаты

Зәуірбектөбені 1978 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы ашып, зерттеді.
Қазіргі орны үшбұрышты келген төбешік. Көлемі 110х120 м, биіктігі 2,5 м шамасында. Ол табандағы ені 10-15 м, биіктігі 2 м-дей, бұрыштарында мұнара қалдықтары байқалатын үйінді жалмен қоршалған. Қоныстан сыры жоқ табақша, құмыра, көзе және басқа да ыдыстардың сынықтары жинастырылған. Табылған заттарға қарағанда Зәуірбектөбе халық VII-IX ғасырларда мекен еткен. Олар егін егіп, мал шаруашылығымен айналысқан.<ref>Тараз Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер