Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қарнақ"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
ш (1 түзету)
 
(Оң жақ жоғарыда көрсетілген қатысушының (бір ғана қатысушының) арадағы бір түзетуі көрсетілмеген)
(айырмашылығы жоқ)

00:12, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Көне қалашық Қарнақ – орта ғасырдан белгілі қала орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Кентау қалалық әкімдігіне қарасты Қарнақ ауылының оңтүстік шетінде орналасқан.

Зерттелуі

Қала орнын 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам), 1986 жылы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері жинағының экспедедициясы (жетекшісі К.М. Байпақов) зерттеген.
Археологтар Г.И. Пацевич, Е.И. Агеева Қарнақты Шагилджан, Ишкент аталды деп жорамалдайды (Ишкент орналасқан Қаратаудың бөктері X ғасырда қимақтардың мекені болған). А.Н. Бернштамның жүргізген зерттеуі Қарнақтың Әмір Темір әулеті тұсында (XIII-XV ғасырлар) салынғанын анықтаған.

Сипаты

Қазіргі орны төртбұрыштанып келген топырақ дуалмен қоршалған, іргелері: солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 100 м және солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа карай 150 м, биіктігі 1-1,5 м. Ішкі солтүстік-шығыс бөлігінде биіктігі 6 м төбе түріндегі қамалдың пішіні байқалады, оның табанының көлемі 60x70 м, кіре беріс қақпасы оңтүстік-батыс іргесінің орта шенінде.
Қарнақ — қазақ хандықтары дәуірінде (XV-XVIII ғасырлар) маңызды рөл атқарған қалалардың бірі. Онда ежелден мыс, шойын қорыту, қорғасын балқыту, оқ-дәрі жасау кәсібі дамыған. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арналып жасалған атақты Тайқазан XIV ғасырда Қарнақта құйылған. Ресей патшалығының Қазақ хандығына жіберген елшілері Ф. Скибин мен М. Трошин қазақтардың оқ-дәрілік қорғасынды Қарнақ қаласында балқытқанын атап көрсетеді. Қарнақта медресе болған. Медреселерде көптеген қазақ зиялылары оқыған. Солардың ішінде ақындар Шортанбай Қанайұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Молда Мұса Байзақұлы, т.б. болған.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Навигациялық кесте