Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Үлкен асар қалашығы"
ш (1 түзету) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:11, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі түзету
Үлгі:Көне қалашық Үлкен асар қалашығы (б.д. VІ-ІХ ғғ.) – Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.
Орналасқан жері
Сырдария ауданы, Шаған ауылынан солтүстік-батысқа қарай 6,3 км жерде орналасқан.
Сипаты
Ескерткішті 2006 жылы ҚР ҰҒА АИ ШРАЭ (Ж. Құрманқұлов) ашып, зерттеген.
Үлкен асар қалашығы екі қабаттан тұрады, жоспарында шаршы пішінді. Биіктігі 6-8 м болатын төменгі қабаттың көлемі үстіңгі қабатпен қосып есептегенде 130х100 м. Жоспарында шаршы пішінді төбе іспетті болып келген екінші қабаттың көлемі 70х50м, биіктігі айналасындағы жерден 10-12 м. Қабаттың шығыс бөлігінде үйлер алабы (цитадель) бар. Қалашыққа кіретін қақпа оңтүстік батыс бөлікте орналасқан. Қоршап жатқан ордың ені 60-70 м.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5</ref>