Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Алдар би Ерназарұлы"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:10, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Алдар би Ерназарұлы (1705–1795) — Жайық өңіріндегі атақты билердің бірі, Алшын тайпасының Байұлы тармағының Беріш руынан шыққан. Талай дау-дамайға төрелік айтып, елді жақын мен жатқа айырмаған тура билердің бірі. Тарихта Сырым Датұлының ақылшысы ретінде белгілі. Шернияз ақын: «Хандардың ең ақыры Нұралы еді, Төренің «Арқар» деген ұраны еді. Хан ұлын Сырым батыр шабарында, Ақылды Алдар биден сұрап еді», — деп жырлаған. Алдар би — Халел Досмұхамедовтің арғы атасы.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Эндиклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8</ref>