Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Байтулақ батыр кесенесі"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Бақтыгүл (т) өңдемелерінен Сауле Жантелиева соңғы нұсқасына қайтарды)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:09, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Тексерілмеген мақала Байтулақ батыр — Кенже елінің өз заманындағы басты батыры, ел арысы, биі болған.

Аңыз

1846 жыл. Орыс-казактар: «Берегитесь от криво-саблевого Байтулака!» – «Қайқы қылышты Байтулақтан сақтаныңдар!» деп отряд бастықтарына ескертулер жасап отырған делінеді. Ер Байтулақтың зираты 1916 жылы ашаршылық, қуғын-сүргін жылдары көпке пана да болыпты. Ел ішінде «Байтулақтың асында шаппағанда, байқұлақтың тойында шабасың ба?» — деген сөз қалған. Оған себеп, Байтулақ батырдың асында ат бәйгесі ұзақтан жіберіліп, атқа шапқан алты бала қаза болып, мәреге жүздеген аттан бес-алты ат қана жетіпті. Байтулақтың зиратына бесіктің ілінгені сондықтан екен.

Жерленген жері

Ер Байтулақтың кесенесі қазіргі Ақсу ауданы Кеңқарын мен Басқан ауылдары аралығында орналасқан. Байтулақ батыр жерленген жердің бұрынғы атауы – Қарауыл. Ер Байтулақ: «Қарауыл тұмсығына жерлеңдер! Не елу үй Садыр-Қарлығаштың аты шығар, не менің есімім аталар!» депті көз жұмар алдында. Мазарды салған ісмер ақын Сараның әкесі Сұлтанбектің (Тастанбек) әкесі Жанқұлы екен.<ref>Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары. — Астана: Фолиант, 2017. — 504 б.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер