Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сүйінқара Үргенішбайұлы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:09, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Сүйінқара Үргенішбайұлы (17561848) — Байұлы тайпасы Адай руының Жары бөлімінен шыққан атақты батыр, би.

Ресей империясының, Хиуа хандарының, түрікмен билеушілерінің үстемдігіне қарсы күрескен. 1831 жылы Орынбор әскери губернаторы граф П.П. Сухтеленге орыс тұтқындарын қайтарып, өзі басшылық жасайтын маңғыстаулықтардың атынан Ресеймен достықта болатыны жайлы сенімхат жазған. Граф Сухтелен өзінің ризашылығын хат арқылы білдіріп, батырға қылыш сыйлаған. Сүйінқара 1837 жылы Жайықтың шығыс бетіне өткен Исатай-Махамбетке қол жинауға көмектескен. Сүйінқараның інісі Кежінің, балалары Бүркіталы, Сатыбалды, Көтібардың ерлігі, қыздары Айсалқам мен Жансалқамның қайғылы тағдыры туралы ел аузында аңыздар көп сақталған. Батыр туралы А.Ф Рязанов пен В.Ф. Шахматовтың ғылылыми еңбектерінде, Ә.Кекілбай, Қ.Сыдиық, Е.Жаманбай, Қ.Шыртан, Ә.Спанның көпшілікке арналған мақалаларында сөз болады. Оған А.Өтембетұлы, Ы.Шөрек жыр арнаса, М.Әбдіқалық “Сүйінқара” атты роман жазған. Сондай-ақ Ә.Әлімжан “Махамбеттің жебесі” романында, Кекілбаев “Күй” повесінде Сүйінғараның бейнесін сомдаған.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Суретсіз мақала