Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Майлықарашаадыр"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Жаңа бетте: {{Тау |Түрі = Тау сілемі |Атауы = Майлықарашаадыр |Шынайы атауы = |Сурет = |Сурет ені = |Сурет ат)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:09, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Тау МайлықарашаадырТерісаққан өзенінің сол жағалаулық аңғарындағы шоқылар.

Географиялық орны

Ақмола облысы Атбасар ауданының оңтүстігінде орналасқан.

Жер бедері

Абсолюттік биіктігі 319 м. Бірнеше жеке шоқылардан тұратын Майлықарашаадыр оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 18 км-ге созылып жатыр, енсіздеу беткейлері жатық келген. Енді жері 10–12 км шамасында. Шығыс шоқыларының беткейлерінде қорымтас үйінділері кездеседі. Жазық далаға ұласатын батыс беткейі сай-жыралармен тілімденген.

Өсімдігі

Шоқылар аңғарында тобылғы, қараған аралас астық тұқымдас шөптесіндер өскен. Оңтүстік-шығыс етегінде бұлақтар көп. Алабы мал жайылымы, шығыс етегі шабындыққа пайдаланылады.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер