Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қасқырлы (асу)"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:09, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Тау Үлгі:Мағына Қасқырлы, Волчий – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік жотасы Көкжота (2987 м) тауларындағы асу.
Географиялық орны
Жетісу облысы Сарқан ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері
Теңіз деңгейінен абсолюттік биіктігі 3227 м. Көкжота тауларының орта тұсында орналасқан асудан маусым–қыркүйек айларында салт атты адам өте алады. Беткейі тік құз, шатқалды келген. Кертпештелген солтүстік беткейінің етегінен Лепсі өзенінің сол саласы – Теректі өзені бастау алады.
Өсімдігі
Тау шатқалында қарағай, қайың, көктерек, арша, итмұрын, долана т.б. ағаштар мен бұта шоғырлары өскен. <ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>