Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ащыойыл"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: {{KZ}} → {{KAZ}} using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Өзен АщыойылОйылдың сол саласы

Географиялық орны

Ақтөбе облысы Байғанин, Ойыл аудандарының жерінде. Ұзындығы 114 км, су жиналатын алабы 5210 км2.

Бастауы

Шилісай, Шұбаржылан өзендерінің тоғысқан жерінен бастап Ащыойыл деп аталады. Құрман аулының тұсында Ойылға құяды.

Гидрологиясы

Көктемде құятын негізгі салалары – Ащыөзек, Қандыағаш, Жарлы, Қаңбақтысай, Қуырдақты. Аңғарының ені 0,3 – 1,5 км-ге, ал жардың биіктігі 1,5 – 2,5 м-ге жетеді. Қар суымен толығады. Суы қарашаның басында қатып, наурыздың аяғында мұзы ериді. Көп жылдық орта су ағымы 2,0 – 2,5 м3/с. Суында шортан, табан балық бар. Төменгі ағысында жайылымдарды суғаруға пайдаланады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер