Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жарлы (өзен, Ақтөбе облысы)"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Өзен Үлгі:Мағына Жарлы – Ойыл алабында орналасқан өзен.
Географиялық орны
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы жерінде.
Бастауы
Бастауын Жарлы темір жолы стансасының солтүстік-батысындағы бұлақтардан алып, Жарлы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км жерде Ащыойыл өзеніне сол жағынан құяды. Жалпы ұзындығы 42 км.
Гидрологиясы
Арнасы тар, табанын құм басқан. Жағалауында сексеуіл шоғырлары кездеседі. Маңында бірнеше қыстаулар (Қызыләскер, Сарымкөл, т.б.) орналасқан. Қуаңшылық жылдары қарасуларға бөлініп қалады. Мал шаруашылығына пайдаланылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>