Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жақсы Қарасай"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: {{KZ}} → {{KAZ}} using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Өзен Жақсы Қарасай – Шығыс Каспий алабындағы өзен.

Географиялық орны

Атырау облысының Жылыой және Маңғыстау облысының Бейнеу аудандары шекарасымен ағады. Ұзындығы 84 км, су жиналатын алабы 937 км2.

Бастауы

Каспий маңы ойпатының шығыс жағындағы Желтау (221 м) және Көлеңкелі (198 м) тауларынан бастау алады да, Манайсор ойысына құяды.

Гидрологиясы

Қар және бұлақ суымен толығады. Тар арнасы шөлейт жазыққа шыға кеңейеді, жайылмасы енді келеді. Жылдық орташа су ағыны 0,09 м3/с. Шілде айынан бастап тартылып, ойдым-ойдым жылғаларға бөлініп қалады. Суын мал ішеді, алабы жайылым және көктемгі шабындық.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер