Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жыланды (өзен, Абай облысы)"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Өзен Үлгі:Мағына ЖыландыАягөз алабындағы өзен.

Географиялық орны

Абай облысы Аягөз ауданы жерімен ағады.

Бастауы

Бастауын Көшкентал ауылының оңтүстігіндегі бұлақтардан алып, Аягөз өзенінің саласы – Таңсық өзеніне оң жағынан құяды.

Гидрологиясы

Ұзындығы 27 км. Шағын 54 саласы бар. Өзеннің орта арнасының жағалауы тіктеу, Таңсық өзенінің сағасында жайпақ келген. Көктемгі еріген қар және жауын-шашын кезінде сағасында жайылма пайда болады. Жаз айларында құрғап, қарасуларға бөлініп қалады. Жайылмасы шабындыққа және мал жайылымына пайдаланылады. Өзен бойында кішігірім бөген бар.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>‎

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер