Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әулиетас (үңгір)"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Үңгір Әулиетас – үңгір.
Географиялық орны
Жетісу облысы Сарқан ауданы жерінде. Лепсі кентінен солтүстікке қарай 20 км жерде Балқаш көлінің жағасында орналасқан.
Сипаты
Аумағы 75 м2. Үңгірдің кіре берістегі бөлмесінен кейін, тағы да кішірек екі бөлмесі бар. Екінші бөлмеге еңбектеп кіруге болады. Оның төбесіндегі 5 – 6 м қалың тастан еденіне сәуле түседі, тамшы тамады. Әулиетасты жергілікті тұрғындар қасиетті, киелі орын санайды. Балқаш көлінде демалушылар да осы орынға тәу етіп, шапағат-шипа тілейді.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>