Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Городецкий мұздығы"
ш (Салиха Городецкий мұз айдыны циркі бетін Городецкий мұздығы бетіне жылжытты: Қате жазылған тақырып: Нақты атауына өзгерту) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Мұздық Городецкий мұздығы – Іле Алатауы жотасының солтүстік беткейінде, Үлкен Алматы өзенінің бастауында орналасқан мұздық.
Аумағы, сипаты
1916 жылы В.Д. Городецкий зерттеді. 1936 жылы мұздыққа алғашқы зерттеушінің аты қойылды. Одан кейңн Н.Н. Пальгов зерттеді.
Мұздық екі тармақтан тұрады. Сол тармағының жалпы ұзындығы 5,5 км, ашық бөлігі 3,3 км, ауданы 3,8 км2. Оң тармағының жалпы ұзындығы 6,0 км, ашық бөлігі 2,8 км, ауданы 3,1 км2, ашық бөлігінікі 2,6 км2, мұзының көлемі 0,10 км3.
Мұздық тілі де сол және оң тармақтарға бөлінеді. Сол тармағы негізгі жалдың беткейіндегі 4300 м биіктіктен басталады, фирн сызығы 3770 м биіктіктен өтеді. Жалпы мұздық тілі 3550 м-ге дейін төмендейді.
Оң тармағы Үлкен Алматы және Солтүстік Талғар алаптарын бөліп тұратын жотаның бүйірлік сілеміндегі жалдан басталады. Бұл жалда Кошевой шыңы бар. Батыс бағытқа созылып 3650 м биіктікте құлама маңдай жасап аяқталады. Көмілген мұздың табанында шағын көл қалыптасқан. Фирн сызығы 3830 м-ден өтеді.
Жалпы мұздықтағы морена шөгіндісі кең аумақты келеді, 5 км-ге созылған аңғар түбі соған толы.<ref> Алматы. Энциклопедиялық анықтама. Бас редакторы М.Қ. Қозыбаев. Алматы қ. 1983 ж.</ref>