Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жіңішкеқұм (құм, Қызылорда облысы)"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш () |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:05, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Шөл Үлгі:Мағына Жіңішкеқұм – Арал қарақұмының оңтүстігіндегі құмды алқап.
Географиялық орны
Қызылорда облысының Қазалы ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері
Абсолюттiк биіктігі – 80–100 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 100 км-ге созылған, енді жері – 20 км. Аумағы – 2,1 мың км2. Жер бедеріне қырқалы-төбелі (биіктігі – 10–12 м) құмдар тән. Олар желдің әсерінен пайда болған.
Өсімдігі
Өсімдік жамылғысынан құмжусан, бидайық, сұржусан, теріскен басым өскен. Одан басқа ақ сексеуіл мен жүзгін өседі. Грунт суы жақын жатқан ойпаңды жердің шалғынды және сор топырағында құрақ, ши, бұйырғын өскен. Алқап жайылым ретінде пайдаланылады<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>.