Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ишан Қожа жер асты мешіті"
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
|||
| Жол нөмірі 1: | Жол нөмірі 1: | ||
| − | '''Ишан Қожа жер асты мешіті''' – | + | '''Ишан Қожа жер асты мешіті''' – [[Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі|Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізімі]]не енген дәстүрлі діни сәулет өнері ескерткіші. |
| − | + | ||
| − | == | + | == Орналасқан жері == |
| − | + | [[Түпқараған ауданы]], [[Форт-Шевченко]] қаласының оңтүстік жағынан 30 км жерде орналасқан. | |
| − | + | == Сипаты == | |
| + | Мешіт Ишан қожа қорымының (кейбір деректер бойынша Сейіт қожа) шетіндегі төбенің жартасынан қашалып жасалған үңгір ғимарат. Мешіттің кіреберісі оңтүстікке қараған; аласалау дәлізіне өңделмеген беті тегіс тастар төселген. Шығысындағы намаз оқитын бөлменің оңтүстік қабырғасынан михраб қашалып жасалған. Мешіт құрылысы жақсы сақталған. 18-19 ғасырлардағы дәстүрлі діни сәулет өнерінің ғимаратына жататын мешіт жанындағы қорымда 50-ге тарта ескерткіштер шоғырланған. Ел аузындағы және тарихи деректерге қарағанда бұл өңірде 18-19 ғасырларда балық аулау кәсіпшілігімен айналысқан түрікменнің қожа тайпасының елі жайлаған. Осыған байланысты қорымдағы ескерткіштерде белгіленген таңбалардың көбі қожа тайпасының, яғни шеңбер тәрізді, тек аз ғана бөлігі ғана адай тайпасының қабіртастары саналады.<br> | ||
| + | Мешіт құрылысы Маңғыстау облысы әкімінің шешімімен [[2002 жыл|2002]] жылы жергілікті дәрежеде мемлекеттік қорғауға алынған.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref> | ||
| − | {{ | + | == Дереккөздер == |
| + | {{дереккөздер}} | ||
| − | [[Санат: | + | [[Санат:Маңғыстау облысы сәулеті]] |
| − | + | [[Санат:Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері]] | |
| − | + | [[Санат:Маңғыстау облысы мешіттері]] | |
| − | + | ||
13:50, 2024 ж. қарашаның 20 кезіндегі түзету
Ишан Қожа жер асты мешіті – Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген дәстүрлі діни сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері
Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласының оңтүстік жағынан 30 км жерде орналасқан.
Сипаты
Мешіт Ишан қожа қорымының (кейбір деректер бойынша Сейіт қожа) шетіндегі төбенің жартасынан қашалып жасалған үңгір ғимарат. Мешіттің кіреберісі оңтүстікке қараған; аласалау дәлізіне өңделмеген беті тегіс тастар төселген. Шығысындағы намаз оқитын бөлменің оңтүстік қабырғасынан михраб қашалып жасалған. Мешіт құрылысы жақсы сақталған. 18-19 ғасырлардағы дәстүрлі діни сәулет өнерінің ғимаратына жататын мешіт жанындағы қорымда 50-ге тарта ескерткіштер шоғырланған. Ел аузындағы және тарихи деректерге қарағанда бұл өңірде 18-19 ғасырларда балық аулау кәсіпшілігімен айналысқан түрікменнің қожа тайпасының елі жайлаған. Осыған байланысты қорымдағы ескерткіштерде белгіленген таңбалардың көбі қожа тайпасының, яғни шеңбер тәрізді, тек аз ғана бөлігі ғана адай тайпасының қабіртастары саналады.
Мешіт құрылысы Маңғыстау облысы әкімінің шешімімен 2002 жылы жергілікті дәрежеде мемлекеттік қорғауға алынған.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>