Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қаратөбе қорымы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш («[[Санат:Маңғыстау облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері|Маңғыстау облысының республикалық маңызы бар тар)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:05, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Қаратөбе қорымы<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref> — (17 – 20 ғасырлар) Маңғыстау ауданы,Тұщықұдық ауылынан шығысқа қарай 30 км жерде. Қорым алып жатқан алаң (1,8 га) көп бұрыш пішіндес.

Қаратөбеде 225 ескерткіш бар. Шағын ескерткіштің ішінде 6 қырлы күмбезді кесене (19 ғасыр), тік төрт бұрышты сағанатам, 2 сандықтас және қорымның орналасқан,Оңтүстік,Оңтүстік-шығыс және шығыс бөлігін алып жатқан 15 құлпытас оқшау көрінеді. Гөрхана және сағанатам сары топырақ ерітіндісімен бекітіліп, құмдақты әктастан тұрғызылған және өңделген тақтатастарды қатар-қатар алмастыра салып, ұстастыру тәсілімен қапталған. Шағын ескерткіштер (жазуы бар құлпытастар, қойтастар, шимайлы жазуы бар блоктар, сандықтастар) Маңғыстау және Үстірттің мемориалды ескерткіштері дәстүрінде жасалған. Құлпытастар модельдеу жағынан жалпақ тақталар типіне жатады. Қойтастардың құрылымында ескерткіш тұғыры мен ұшын үйлестіру тәсілі қолданылған. сандықтастар жалпақ бедерлі ою-өрнектермен әсем безендірілген. Шағын ескерткіштер композициясын сәндеу ісіндегі ою-өрнек түрлері геометриялық (квадраттар, тік төртбұрыштар, ирек-ирек оқалы белгілер), көгеріс (бүршіктер, гүлдер, жапырақтар, «қасиетті ағаш» бұтақтарының бұрамалары), зооморфтық (қосмүйіз, сыңармүйіз, түйетабан) және космогониялық (жұлдыздар, жартыайлар) сызықтарымен өзара ұштастыру жолымен жасалған.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері