Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Казарма (Түркістан)"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Казарма_(Түркістан),_ХІХғ.аяғы.jpg» дегенді аластады, бұны Ортаққордың қатысушысы [[commons:User:Yuval CT|Yuval CT])
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:05, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Ғимарат Казарма — XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында салынған тарихи-мәдени ескерткіш. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші. 1994 жылғы «Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштер шежіресінің» Оңтүстік Қазақстан облысы  бойынша жинағына №594.2 санды нөмірімен енгізіліп мемлекет қарауына алынған<ref name=":0">«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты тарихи-мәдени ескерткіштер»: жинақ / «Service Press» баспасы, 184 б. Алматы 2025 ж. 170 бет. - ISBN 978-601-7316-24-2</ref>.

Тарихы

Ғимарат бастапқыда Түркістандық атқыштар батальонының І-ротасының кіші шендегі офицерлеріне арналған казарма ретінде салынған. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін мұнда әскери атты әскер эскадронының жауынгерлері тұрған. Соғыс жылдары ғимаратта аймақтық әскери комиссариат (военкомат) және әскери-медициналық комиссия жұмыс істеген. Түркістан қаласы мен ауданы, сондай-ақ Жаңақорған, Созақ, Бөген, Шәуілдір аудандарынан әскерге шақырылғандар осы ғимаратта тіркеуден өткен. Соғыстан кейін, 1960-жылдары, ғимаратта «Эластик» тігін фабрикасының негізгі цехы орналасқан. 1990-жылдары фабрика көшіп кетті. 2000 жылы ғимаратта «Түркістан тарихы» музейі құрылды<ref name=":0" />.

Архитектурасы

Ғимарат бір қабатты, кірпіштен қаланған және темір шатырлы. Жобада тік төртбұрыш пішінінде салынған. Қасбеттері симметриялы, орталық және жанама бөліктері әлсіз ризалиттермен ерекшеленген. Қабырғалары тар терезе ойықтарымен және пилястрлармен бөлінген. Ішкі жоспары симметриялы, екі қатар бағаналармен бөлінген үш бөліктен тұратын кең зал түрінде жобаланған<ref name=":0" />.

Музейдің құрылуы

1995 жылы «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы мен Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты бірігіп, Түркістан археологиялық экспедициясын құрды. Экспедицияның мақсаты – Түркістан және оның маңындағы ортағасырлық қалалар мен қорымдарды зерттеп, болашақ «Түркістан тарихы» музейіне материал жинақтау болды. 1997–1999 жылдары ғимарат толық қайта жөндеуден өтіп, сегіз экспозициялық және алты қызметтік бөлмеге бөлінді. 2000 жылы күзде «Түркістан тарихы музейі» келушілерге есігін ашты<ref name=":0" />.

Қалпына келтіру және реэкспозиция

2014–2015 жылдары ғимаратта қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 2016 жылы музейде реэкспозициялық жаңғырту, жаңа безендіру және мазмұндық толықтырулар жасалып, көрме жаңа үлгіде қайта ашылды<ref name=":0" />.

Маңызы

Музей ғимараты XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы әскери-азаматтық сәулеттің ерекше үлгісі болып саналады. Қазіргі таңда ол Түркістан қаласының мәдени мұра нысандарының бірі және «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы құрамындағы маңызды экспозициялық орталықтардың бірі<ref name=":0" />.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Әдебиеттер

  • Казарма, ХІХв. // Свод памятников истории и культуры Казахстана. Южно-Казахстанская область. – Алматы, 1994. – С. 283. №594.2.
  • Тұяқбаев М. Жаңғырған «Түркістан тарихы» музейі // Ясауи мұрасы газеті, 2016. – 1–2 бб.
  • Тұяқбаев М. «Түркістан тарихы» музейіңдегі Түркі дәуірінің ескерткіштері // Древнетюркская цивилизация: памятники письменности. Материалы международной конференции. – Астана, 2001. – Алматы, 2011. – С. 514–521.

Үлгі:Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері