Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жеті ата қақпасы"
(«Жеті_ата_қақпасы_1894.jpg» дегенді аластады, бұны Ортаққордың қатысушысы Krd [[commons:File:Жеті_ата_қақпасы_) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:05, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Ғимарат Жеті ата қақпасы, – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасындағы, яғни, Ескі Түркістан орнындағы Шахарістан қорғаны бойында 4 қақпа болған. Сол себепті де тарихи деректерде «Төрт қақпалы Түркістан» деп атаған. Сол 4 қақпаның бірі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен 620 метр қашықтықта орналасқан – Жеті ата қақпасы<ref name=":0">«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты тарихи-мәдени ескерткіштер»: жинақ / «Service Press» баспасы, 184 б. Алматы 2025 ж. 141 бет. - ISBN 978-601-7316-24-2</ref>.
Кезеңі
ХV – ХІХғғ.
Тарихы
Ертеректе осы қақпа арқылы қалаға Хорезм, Бұхара, Самарқан керуендері кірген. Ортағасырлық қалалардың көпшілігінде екі қорған болған, олар Цитадель және Шахарістан деп аталады. Цитадель қорғаны қаланың орталығын қоршайтын ішкі қабырғаларынан тұрса, Шахарістан қорғаны қаланың сыртқы бөлігін қоршайтын негізгі қорған. Жеті ата қақпасы 1928-32 жылдарға дейін сақталып келген. 2019 жылы қайта қалпына келтірілді. Қақпа жайлы естігендердің барлығын «Жеті ата» атауы қызықтырары сөзсіз. Оның себебін тарихшылар осы жерге Қожа Ахмет Ясауидің бір мазарға жерленген жеті шәкіртінің бейітінің орналасуымен байланыстырады. Қақпаға кірген кезде оң жағында Баб Араб мешіті орналасқан. Сонымен қатар екі кесене бар. Ол екі кесененің бірі Баб Арабқа арналса, екіншісі - Үндемес ата әулиенің жерленген жері. Қазіргі таңда Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Жеті ата қақпасы арасындағы ортағасырлық магистралды көше де зерттелу үстінде. 2009 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан қазба жұмыстары барысында бірқатар жаңалықтар ашылып, тарихи тың деректер топтастырылды. ХV ғ. қақпаның іргетасы мен сыртындағы ордың үстіне салынған көпірдің жағалық тіреуіші күйген кірпіштен қаланған. Қазіргі қақпаның қирандысының 1910 ж. түсірілген фотосуреті сақталған. Қақпа Қоқан билігі тұсында 1843-1849 жж. арасында қайта тұрғызылған. 2009-2011 жж. археологиялық қазба негізінде 2019 ж. қайта қалпына келтірілді.<ref name=":0" />
Дереккөздер
Үлгі:Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері