Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Екінші Түрікменадай болысы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
ш (1 түзету)
(айырмашылығы жоқ)

00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі түзету

Үлгі:Әкімшілік бірлік

Екінші Түрікменадай болысы — Қырғыз АКСР-дағы Адай уезінің әкімшілік бөліну бірлігі.

Әкімшілік бөлінуі

5 әкімшілік ауылы, 710 үй бар.

Халқы және көшу жолдары

Бұған негізінен Құдайке балалары, оның ішінде Қосай Бәли ауылдары кіреді. Есен ауылында 170 үй болса, одан 60 үй жартылай көшпенді, мекені Қарашымырау, қалған 110 үй де жартылай көшпенді. Ақтөбені жайлайды. Есберді ауылында 130 үй бар, барлығы түгелдей көшіп жүреді, жазда Шилі, Темір өзендеріне дейін барып, Қоңыратқа дейін көшеді. Байбол ауылы 120 үйден түрады. Жартылай көшпенді. Жем өзенінің Ақмешітіне дейін барады. Қыста Қарынжарық, Сеңгірқұмдарды қыстайды. Бірінші және Екінші Өтеп ауылында көшпенді 290 үй бар. Байбол ауылымен бірге көшіп жүрген.

Дереккөздер

  • Маңғыстау энциклопедиясы, 4том