Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Батыс Қазақстан облыстық малдәрігерлік зертханасы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Rescuing 1 sources and tagging 0 as dead.) #IABot (v2.0.9.5)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Батыс Қазақстан облыстық малдәрігерлік зертханасы 1897 ж. ашылған мекеме. Сол жылдан бастап Орал губеринясына қызмет етіп, осы әкімшілік-аумақтағы малдәрігерлік зертхананың жұмысына жетекшілік еткен. Түйнеме кеселіне қарсы вакцина мен шикізат дайындады. 1958 ж. бұл мекемеге Батыс Қазақстан облысы ветеринарлық зертханасы қосылды. Орал облысы ветеринарлық зертханасынан басқа, 1944 ж. Орда және Фурманов (қазіргі Жалпақтал), 1948 ж. Жымпиты (қазіргі Сырым) ауданаралық зертханалары ашылды. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облыстық малдәрігерлік зертханасында бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық, гематологиялық, химия-токсикологиялық, биохимиялық, радиологиялық, паразитология және ихтипологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіледі, әрі аудандық ветеринариялық зертханалардың жұмысына жетекшілік етеді. Батыс Қазақстан облысы аумағындағы жан-жануарларды жұқпалы және басқа да аурулардан сақтандыру үшін әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>


Дереккөздер

<references/>


Сыртқы сілтеме


Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub