Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Келімбет кесенесі"
() |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Ғимарат Келімбет кесенесі – Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері
Қазалы ауданы, Қожабақы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 6,5 км жерде орналасқан.
Сипаты
Ескерткішті атақты халық суретшісі Қазақбай Жүсіпов салған.
Кесене күйдірілген тікбұрышты кірпіштерден (5,5х13,5х25 см, 10 қатар+10 жым=0,70 м) тұрғызылған, өлшемдер – 8,85х11,46 м, биіктігі – 6,80 м.
Кесене екі камералы, біріншісі – кіреберіс камерасы, екіншісі – жерлеу камерасы. Екі камерада бұрыштары айшықты жауырыншалармен тікбұрышты сыртқы қабатқа енгізілген.
Жоспарында созыңқы тікбұрыш іспетті болып келген кіреберіс бөлік негізгі аумаққа оңтүстік жақтан жалғасқан. Бүйірлік қабырғада орналасқан аркалы кіреберіс ойығы оңтүстік-шығысқа қаратылған, қарама-қарсы бетте тар терезе ойығы бар.
Жерлеу камерасына кіретін ойық оңтүстік-батыс қабырғаның ортасында орналасқан. Камераның шаршы пішінді негізінен күмбез шеңберіне өту қаландылардан шығарылған бұрыштық парустар арқылы іске асырылған.
Бөлме сыланып, әктелген. Күмбез, есік жақтауы және бөлмеге кіреберіс негізі табалдырықтан төмен қаланған.
Ескерткіш қатты қираған – қабір бөлмесінің ернеуі, кіреберіс бөлік, қабырғаларының беті және бұрыштық жауырыншалар, сондай-ақ күмбездің төменгі бөлігі толықтай зардап шеккен.
Кесене – халық сәулет өнеріндегі жарқын туындылардың бірі, ол Сырдария құйылысындағы аудандардың барлығына тән нақыштағы кесене.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5</ref>