Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Үшназар кесенесі"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Ғимарат Үшназар кесенесі – Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген ХІХ ғасырдың сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері
Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылынан солтүстік-батысқа қарай 35 км жерде, Қуаңдария өзенінің сол жағасында орналасқан.
Сипаты
Кесене қатар тұрған үш ескерткіштің батысындағы болып табылады, оларды жалпы "Үшназар" деп атайды (қалған кесенелер бауырлары – Бекназар мен Ақназарға арналған).
Кесене тікбұрышты қам кесектерден тұрғызылған, бір камералы, бетше босағалы-күмбезді, бетше босағасы негізгі аумаққа жіңішкеріп жалғанған.
Жоспарында шаршы пішінді болып келген негізгі аумақ күмбез асты барабанына жәймен өткен парабола кескінді күмбезбен көмкерілген. Негізгі аумақтың бұрыштары дөңгеленіп келген төрттің үшіндей мұнарашалармен аяқталған. Ортасында кіреберіс ойығы бар бетше босаға оңтүстік-батысқа бағытталған, кіреберіс аркасы жебелі-таға тәрізді болып келген, бұрыштары мұнарашалармен күшейтілген.
Ескерткіштің парустары камера бұрыштарындағы қаландыдан шығарылған, сола бола тұра оның төменгі және жоғарғы бөліктері тік. Камераның бүйірлік қабырғаларының орталарында жебе тәрізді аркамен жабылған бір-бір қуыстан бар. Күмбездің жоғарғы бөлігі қираған, бірақ онда тас төбелік ойық болса керек.
Ескерткішті 1985 жылы "Қазжобақалпынакелтіру" институтының экспедициясы зерттеген.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5</ref>