Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қарамырза кесенесі"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Ғимарат Қарамырза кесенесіҚызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген XIX ғасыр сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 км жерде, Қуаңдария өзенінің сол жағалауында орналасқан.

Сипаты

Кесене тікбұрышты қам кесектерден (9х21х31 м) тұрғызылған, бір камералы, бетше босағалы-күмбезді, қалың қабырғалары (қалыңдығы – 1,5 м) бар, үлкен күмбездің жүктемесін азайту мақсатында салынған (негіз өлшемі – 8,0х8,0 м).
Шаршы пішінді келген негізгі көлем күмбез асты барабанындағы параболалық кескіндегі күмбезбен жабылған.
Портал негізгі көлемде тарыла келген, оңтүстік-шығысқа бағытталған, оның беткейі порталды қуыспен бөлінген. Қысқаш қабырғасында камераға кіреберіс салынған. Негізгі қасбет бұрыштарына мұнаралары салынған (қазіргі кезде олар бұзылған).
Күмбезге өту камераның бұрыштарынан жаймен шағарылған парустар арқылы іске асырылған. Камераның іші күмбез негізіне дейін сыланған.
Камераның түпкі жағында қам кесектерден қаланған қабір үсті ескерткіш орналасқан.
Кесене жергілікті құрылыстардан өзінің үлкен аумағымен ерекшеленеді (ең алдымен күмбез құрылысымен).
Ескерткішті 1986 жылы "Қазжобақалпынакелтіру" институтының экспедициясы зерттеген.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер