Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Айдарлы кесенесі"
() |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Ғимарат Айдарлы кесенесі (ХІХ ғ. басы) – Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет ескерткіші.
Орналасқан жері
Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 2,5 км жерде, Сырдарияның оң жағалауында, қам кесектерден қаланған қоршаулардан тұратын қорымның оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан.
Сипаты
Кесене тікбұрышты қам кесектерден (9х18х8 см) тұрғызылған. Күмбезбен жабылған (сақталған биіктігі 8 м) негізгі аумаққа (жоспарындағы өлшемдері 8х8,7 м, қабырғасының биіктігі – 3,3 м) үш күмбезшелі тікбұрышты камералы нығайтылған кіреберіс бөлік жалғанған.
Негізгі аумақтың (ол жерде жерлеу камерасы бар) бұрыштары мен қабырғаларының ортасы, сонымен қатар кіреберіс бөлігінің бұрыштары жауырыншалар түрінде жиналған. Биік шар тәрізді күмбез циндирлі күмбез асты барабанына жеңмен жалғасқан. Күмбез қаландысында қасбетке шығып тұрған радиальді үш қатар қысқа сырғауылдар бар.
Камераның шаршы негізінен күмбез шеңберіне өту дәстүрлі. Күмбездің жоғарғы бөлігінің көлденең осінде екі ойық (ар жағында бір-бірден) бар, бірақ та оның түйіскен жері қираған. Кіреберіс камера оңтүстік-батыс қасбетте орналасқан, қабырғаның ортасында аркалы кіреберіс ойығы және оның үстін қалқалап тұратын күмбезше бар.
Ескерткішіті 1986 жылы "Қазжобақалпынакелтіру" институтының экспедициясы зерттеген.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5</ref>