Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жалаңаш ата кесенесі"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Ғимарат Жалаңаш ата кесенесіҚызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген XVIII-ХІХ ғасырлардағы сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Жаңақорған ауданы, Жаңақорған ауылынан оңтүстікке қарай 9,27 км жерде орналасқан.

Сипаты

Жалаңаш ата туралы, оның лақап атын (жалаңаш) түсіндіретін көптеген аңыздар сақталған. Ол жақын маңда орналасқан көлмен байланысты.
Жалаңаш ата кесенесі қалың тораңғы өскен көлдің жағасында, теміржолдан бір шақырымдай жерде орналасқан. Кесененің артында қатты қираған және жермен жексен болған үлкен қорым бар.
Қираған кесене шаршылы болып келген негізі екі сатылы күмбезбен көмкерілген. Оңтүстік-батыс қабырғасының ортасына кесененің түпкіріне апаратын кіреберіс ойығы бар дәліз-дромос жалғанған.
Негізгі аумақтың төрт бұрышы жауырыншалармен безендірілген. Осы бұрыштардың іргетасы үлкен тастардан қаланған. Күмбездің төменгі кертпеші бұрыштары доғаланып келген шаршы пішінде, ал жоғарғы кертпеші дөңгелек. Онда төбелік ойық пен төрт жағында орналасқан шаршы пішінді саңлаулар бар. Кіреберіс ұзындығы екі метірлік дәліз түрінде қаланаған қам кесекті екі қабырғадан тұрады. Жабындысы сырғауылды болып келген оның кіреберісі есікпен жабылған. Кіреберістің сол жағына ақ мата байланған баған орнатылған. Күмбез сыланбаған.
Камераның шаршылы негізінен күмбез шеңберіне өту камера негізінен бұрыштарындағы қортық аркалы тромпондар арқылы жүзеге асырылған. Камера қабырғаларының орта тұсында параболлалы кескіндегі аркалармен көмкерілген кең қуыстар бар. Камераның төменгі бөлігі күмбездің негізіне дейін сыланған. Камераның ортасында қам кесектерден қаланған қабір үсті ескерткіші тұрған. Ақ матамен жабылған оның солтүстік бөлігінің үстінде қошқардың бас сүйегі болған. Кіреберістің сол жағындағы қуыста тағы біреуі орналасқан, бірақ шағындау болып келген бұл қуыс жерлеумен байланысты. Ол қабір үсті ескерткішінің жоғарға бөлігіне қарсы орналасқан. Онда тартулар (ақшалар) болды, мүмкін Құран сақталған.
Есепке алу құжатында ескерткіш ешқандай түсініктемесіз XVI ғасыр деп мерізімделген, бірақ та қам кесектерден тұрғызылған қабырғалар бетінің жақсы сақталуы бүгін күмән келтіреді. Соған қарамастан, осы өңір үшін кесене элементтерінің (архаикалық сатылы күмбезі, кіреберіс бөлігі және т.б.) бірегейлілігінің өзі зор қызығушылық тудырар еді, бірақ та оның тым алыс аймақтардың (Сарысу өзенінің төменгі ағысынан бастап ары солтүстікке қарай) мемориалдарымен ұқсастықтарының болуы, ескерткіш сәулетіне аса маңызды мән береді.
Сондай-ақ, ХІХ ғасырға жататын маңайдағы ескерткіштер белгілі бір дәрежеде оның композициялық әдістерін (Қарасопы кесенесі – күмбездің сатылы сұлбасын, Қорасан ата кесенесі – кіші камералық конструкциялық құрылымын және т.б.) қайталауы қызықты. Ескерткіш 2002 жылы тұрғызылған жаңа кесенемен алмастырылған.
Жаңа кесене күйдірілген кірпіштен тұрғызылған, шеңберлі күмбезі мырышталған металдан жасалған. Ескерткіштің сырты жұлдыз пішінді, сырылып тасталған кесененің кіреберіс бөлігінің үстіне салынған онша биік емес шығыңқы қасбеттен тұрады.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011.– 504 бет. ISBN 9965-26-382-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер