Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қарашалаң (ауыл)"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Rescuing 1 sources and tagging 0 as dead.) #IABot (v2.0.8.9)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына ҚарашалаңҚызылорда облысы Арал ауданы, Бөген ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны

Аудан орталығы - Арал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 110 км-дей жерде, Арал теңізінен оңтүстік-шығысқа қарай Сырдария өзенінің атырауына таяу орналасқан.

Атау мәні

Қарашалаң – төл сөзімізден жасалған көне тұлғалы ескі атау. Оның құрамындағы "шалаң" сөзі осындағы жергілікті тұрғындар тілінде «теңіз түбінің ұзын-ұзын құрақ шөбі, балдыры» мағынасында қолданылады. Осы шалаңның қара және сары түсті болып келетіні бар. Міне, осындай түр-түсіне байланысты сол жер Қарашалаң аталып, кейіннен елді мекен атына ауысқаны байқалады. Екінші бір нұсқасы: ілгеріде Арал суының толық кезінде Қарашалаң тұрған жер теңіздің Шалаңды шығанағы болған. Шалаңды шығанағы теңізді картаға түсірген Бутаковтың да жасаған картасында болған. Қарашалаң атауы содан қалған деседі. <ref>«Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013</ref>

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 500 адам (296 ер адам және 204 әйел адам) болса, 2009 жылы 541 адамды (290 ер адам және 251 әйел адам) құрады.<ref>2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы Үлгі:Webarchive</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Арал ауданы елді мекендері