Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Гүлнұр Манатқызы Оразымбетова"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Музыкант Гүлнұр Манатқызы Оразымбетова (8 мамырда 1977 жылы, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қаратерең ауылында туған) — қазақстанның эстрада әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.
Өмірбаяны
1977 жылы 8 мамырда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қаратерең ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.
Толығырақ
1997-2000 жылдары Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығының әдіскері.
2000-2001 жылдары Қызылорда облысы мемлекеттік филармониясының әншісі болды.
2001-2010 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Қазақконцерт» өнер бірлестігінің солисті болды.
2010 жылдары Алматы облыстық филармониясының солисті.
2015 жылдан бастап «Qazaqstan» телеарнасы «Tańsholpan» ақпараттық ойын-сауық бағдарламасының жүргізушісі.
2020 жылдан бастап Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының әншісі.
Жетістіктері
Гүлнұр Оразымбетованың шығармашылық жолындағы жетістіктері:
- 2000 жылы "Жас қанат" әншілер байқауының «Жыл адамы» сыйлығының иегері;
- 2000 жылы Х-шы Халықаралық «Азия Дауысы» фестивалінің лауреаты;
- 2004 жылы Болгарияда өткен VIII Халықаралық «Дискавери» байқауының лауреаты.
Шығармашылығы
Оның репертуарында Р.Таймановтың "Қоркыт-қобыз", Б.Оралұлының "Толғау", С.Жолбарыстың "Сағынышы" мен "Ойлаймын сені", С.Сыздыковтың "Қоштасу", т.б. қазақ халық және қазіргі композиторлардың әндері бар.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>