Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қызылсай (қыстау)"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш («Атырау облысы қыстаулары» деген санатты қосты (HotCat құралының көмегімен)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:01, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Қызылсай — Сағыз және Топырақшашты өзендерінің аралығындағы қыстау.
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Былқылдақты ауылының оңтүстігінде 5 км жерде орналасқан. Солтүстігінде Ақсуат, солтүстік-батысында Жаңақора, Қияқты, шығысында Қоңырсай, оңтүстігінде Көлдіқұдық, Ақжар, Көпбұлақ, оңтүстік-батысында Көндігу, Кемірші қыстаулары жатыр. Қызылсай бойындағы Топырақшашты бөгенінен мал суарылады. Құмды, сортаң топырақ жамылғысында жусан, еркек шөп, шағыр, бұйырғын, жүзгін, теріскен, т.б. өсімдіктер өседі.<ref>ҚАЗАҚСТАН ТАБИҒАТЫ: «Қазақ энциклопедиясы» Алматы, 2011. 3-том ISBN 9965-893-64-0</ref>