Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қаракөл (көл, Арал ауданы)"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:01, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Көл Үлгі:Мағына ҚаракөлҚызылорда облысы Арал ауданындағы көл. Бекбауыл ауылынан шығысқа қарай 4 км-дей жерде орналасқан.

Гидрографикасы

Аумағы 10,7 км2. Ұзындығы 4,5 км, ені 1,8 км, ең терең жері 10 м. Көлге 32 млн. м3 су жиналады.

Жағалау сипаты

Биіктігі 1,5-2,0 м жағалауын қамыс басқан. Жоғары жерінде түйе тікенегі және қуаң жерлерде өсетін өсімдіктер, көл ішінде шалаң шөптер көп кездеседі. Көл түбінде қоңыр түсті, құмды және ұлутас қабыршақтары бар. Суы кермек татиды (3,0 г/л).<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер