Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Шишалқар"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:01, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Көл ШишалқарНұра алабындағы ағынсыз көл.

Географиялық орны

Ақмола облысы Қорғалжын ауданының шығысында, Кеңбидайық ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 8 км жерде, теңіз деңгейінен 328 м биіктікте орналасқан.

Гидрографикасы

Аумағы 15,8 км2, жағалау бойының ұзындығы 5,8 км. Су жиналатын алабы 171 км2. Жағалауы көлбеу, түбі тұнбалы. Қар, жер асты суларымен толығады. Суы мол жылдары Жыландышалқар көлімен бірігіп кетеді. Суы тұщы, ауыз суға пайдаланылады.

Өсімдігі, жануарлары

Жағасында қамыс, құрақ өскен. Көлде мөңке, нәлім, алабұға, шортан, аққайран, торта, тағыда басқа балықтар тіршілік етеді. Құстар ұя салады.<ref> АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер