Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Көзжетпес"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Дереккөздер: clean up, replaced: Пайдаланылған әдебиеттер → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

22:54, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

КӨЗЖЕТПЕС, Құсжетпес – Арал теңізінің шығыс бөлігіндегі бұрынғы арал. Қызылорда облысы Арал ауданы жерінде, Жыңғылдытөбе мен Қосарал аралдарының аралығында орналасқан. Теңіз суы тартылғанға дейін ол теңіз жағасынан батысқа қарай 19 км жерде, аумағы 3 км², ұзындығы 7 км, ені 0,8 км, теңіз деңгейінен 3 – 6 м көтеріңкі болған. Құмайтты топырағында бұта, жағалауында шалғынды сораң өседі. Қазір арал құрлықпен бірігіп кеткен.

<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub