Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Эрнест Төреханов"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

20:39, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Жазушы

Эрнест Төреханов (12 қараша 1943 жылы, Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалаңаш ауылы<ref>"Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері", Анықтамалық,"Білім" баспасы, Алматы, 2005 ж., ISBN 9965-09-134-Х1981-89</ref>) — жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген (1967). 1960-1962 жж. "Алматы құрылыс" тресінде құрылысшы болып жұмыс істеген. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің орыс филология факультетіне тускен. 1963-1966 жылдары әскер қатарында болған. Одан оралған соң оқуын сырттай жалғастырып, "Лениншіл жас" ("Жас Алаш") газетінде корректор, әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі болған.

Маңғыстау, Торғай облыстары ашылғанда өз еркімен Маңғыстауға коныс аударып, мұнайшылар мен кеншілер (уран кеншілері) өмірімен жете танысты. Ұзақ жылдар "Жазушы", "Жалын" баспаларында, "Қазақфильм" киностудиясында жұмыс істеді. "Наука и высшая школа Казахстана" газетінің бас редакторы болған.

1990 жылдан бері Халықаралық "Қазақ тілі" коғамының вице-президенті, осы қоғамның "Ак Жарық" - "Белый Свет" атты газетінің бас редакторы қызметін қоса атқарады.

Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан.<ref>https://emirsaba.org/pars_docs/refs/9/8452/8452.pdf Үлгі:Webarchive</ref>

Еңбек жолы

  • 1967 - 76 ж. "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.
  • 1976 - 79 ж. Маңғыстау облыстық "Коммунистік жол" газетінде тілші,
  • 1979 - 84 ж. "Жалын", "Жазушы" баспаларында редактор болып жұмыс істеген.

Шығармалары

1984 жылдан шығармашылық жұмыста повесть, әңгімелері жарық көрген<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>.

  • "Хантәңірі" (1978)
  • "Алтын шеңбер" (1982)
  • "Ер кезегі" (1983)
  • "Таудан түскен із" (1984)

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ әдебиеті