Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жаңақала (Батыс Қазақстан облысы)"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

20:39, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына Жаңақала — Батыс Қазақстан облысындағы ауыл, Жаңақала ауданының (1972 жылдан) және Жаңақала ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Облыс орталығы - Орал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 240 км жерде, Көшім өзенінің Бірқазан көліне құяр жеріндегі ақ жусан, сұлыбас өскен шалғынды сортаң топырақты шөлейт белдемде орналасқан.

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 6250 адам (3149 ер адам және 3101 әйел адам) болса, 2009 жылы 7202 адамды (3489 ер адам және 3713 әйел адам) құрады.<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref>

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 9325 адамды (4643 ер адам және 4682 әйел адам) құрады.<ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>

Тарихы

Іргесі 18-ғасырдың аяқ кезінде "Қисыққамыс" елді мекені болып қаланған. 1997 жылға дейін “Бірлік” асыл тұқымды қой кеңшарының орталығы болып келді. Жаңақалада аудандық агробірлестік, өндірістік кооперативтер мен серіктестіктер, шаруа (фермер) қожалықтары жұмыс істеді. Ауылда “Орта Азия — Орталық” газ құбырының компрессор стансасы, нан зауыты, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, құрылыс, көлік, т.б. мекемелер бар.

Инфрақұрылымы

Орта мектеп, мәдениет үйі, аурухана, емхана, қонақ үй бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Жаңақала ауданы елді мекендері