Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Түпқараған бекінісі"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Жаңа бетте: '''Түпқараған бекінісі''' – [[Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі)
 
(Жаңа бетте: '''Түпқараған бекінісі''' – [[Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі)
(айырмашылығы жоқ)

15:50, 2025 ж. желтоқсанның 21 кезіндегі түзету

Түпқараған бекінісіМаңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласынан 30 км шығыс бағытта орналасқан.

Бекініс сипаты

Бекініс 2006 жылы "Маңғыстау тарихи-мәдени қорығы" мемлекеттік мекемесі "Ескерткіштер жинағы" археологиялық экспедициясымен зерттелген.
Бекініс Түпқараған үстіртінің батыс жақ бортының жаға маңында орналасқан. Жаға сызығынан шыққан кішігірім жар мүйісі шығыс жағынан бекініске кіретін үзігі бар 30 м-ге жуық жалмен тасаланған. Жал оңтүстік жақтан айналадағы жардың биік тұсына тіреледі. Мүйістің оңтүстік жағынан кемері жоқ 2 жерде бекіткен кішігірім қабырғаның тас қаландысының қирандысы бар. Басты жалдың биіктігі 2 м-ден асса, ені 5 м-ге дейін жетеді. Көлденеңді қалау элементтері көрінеді.
Бекініс аумағынан (XII-XIII ғғ.) қолмен жабыстырылған және шарықта жасалған қыш сынықтары кездеседі.<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер