Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Көкжал бекінісі"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
()
 
()
(айырмашылығы жоқ)

14:21, 2025 ж. желтоқсанның 8 кезіндегі түзету

Көкжал бекінісіМаңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Мұнайлы ауданы, Баянды ауылынан 40 км шығыс бағытта орналасқан.

Кезеңі

ХVI-ХVII ғасырлар.

Сипаты

Ескерткіш нысан 2006 жылы "Маңғыстау тарихи-мәдени қорығы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерімен анықталған.
Бекініс Қарақия ойпатының шығыс ернеуінің ұзын мүйіс тəрізді шығыңқы жерінде орналасқан. Ұзындығы 110 м бекініс қабырғасы мүйіс тəрізді шошақтың біраз бөлігін қалқалап тұр. Қабырғаның орташа биіктігі 2 м, кейбір тұсында 3 м, қабырғаның ені 1,5-1,8 м, екі қатар өру тəсілімен ортасы қотыр таспен толтырылған. Қабырғасы ирек пішінді, мұнаралары жоқ. Қабырғаның ішкі жағынан қабырға үстіне шығатын сатылы, оқ атар "ұя"-қуыстар орнатылып, ортаңғы тұсында доға тəрізді төмпек болып көрінеді. Бұл "ұяшықтар" саны − 18. Батыс жағына қарай қабырға құзға таяп, сол маңнан ені 1,5 м өтетін жол қалдырылған. Мүйістің батыс ернеуіне қарай, бекіністің ішкі жағымен жүретін арнайы соқпақ бар. Қабырғаға қаланған тастардың бетіне 2 жерден ортағасырлық таңба бар екені анықталды. Көтерме етіп жиналған материал жоқ.
Нысан 2004 жылы мемлекеттік есепке алынған.<ref> М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер