Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Измайловка"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Измайловка – ежелгі дәуір обаларының орны.

Орналасқан жері

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бетқұдық ауылынан 7 км солтүстік-батысқа қарай, Ертіс өзені жағалауынан 2 км жерде орналасқан.

Сипаты

1980-82 жылдары Шүлбі археологиялық экспедициясы зерттеген.
Обадан 30-ға жуық заттардың табылуы обаның қола дәуірінен ерте темір дәуіріне өту кезеңінде орнатылғанын аңғартады.
Табылған заттарға орай Измайловка екіге бөлінеді. Біріншісі тас жәшіктерден тұрады. Онда мүрделер екі бүктелген қалпы бастары батысқа қарата жерленген. Екіншісі күрделі жерлеу түріне жатады. Обадан табылған негізгі мүліктер – Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті және Оңтүстік Сібірдегі – Қарасу мәдениеті ескерткіштеріне ұқсас өрнекті қыш ыдыстар.
Заттардың қалған бөлігін ат әбзелдері – ауыздық, найзаның ұшы, біз, қашау, т. б. құрайды. Табылған заттай деректер б.з.б. XIX-VII ғасырларға жатады және олардың құндылығы – жергілікті тұрғындар өмірінің соңғы қола дәуірінен темір дәуіріне өту сатысын көрсетеді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Әдебиет

  • Археологические памятники в зоне затопления Шульбинской ГЭС. А.-А., 1987.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер